Биыл АҚШ-тың Атланта қаласында өткен "Әлем бейбітшілігіне" қызмет еткен тұлғаларды марапаттау рәсімінде тұңғыш мұсылман ұлына Махатма Ганди атындағы "Бейбітшілік" сыйлығы табысталды. Бұл туралы "Қамшы" порталы Samanyolu Haber-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Gandi-King-Ikeda" бейбітлішік сыйлығы биыл түркиялық ислам ойшылы Фетхуллах Гүленге берілген.
Дәстүрлі бейбітшілік сыйлығын табыстау рәсімі Morehouse колледжінің Martin Luther King ғылым орталығында құрметті қонақтар мен ғалымдардың қатысуымен өткен. Аталмыш жоғары мәртебелі сыйлық бұған дейін "Әлем бейбітшілігіне" қызмет еткені үшін Михаил Горбачевқа, Нелсон Манделла мен Демонд Тутуға берілген.
АҚШ-тың Атланта қаласында орналасқан Morehouse колледжінің докторы, профессор Лауренс Картер, аталмыш сыйлық мұсылман азаматтары арасынан тұңғыш болып Фетхуллах Гүленге берілгенін айтты.
"Бүгін, біз ислам ойшылы, әлемдік деңгейдегі философ, бүкіл әлемге исламның бейбітшікіті насихаттайтын дін екенін насихаттап келе жатқан, жаһандық бейбітшілікке орасан зор үлесін қосып, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі орын алған қасыретке қатысты өзінің ойларын ашық айтып, ислам діні арқылы әлемдегі бейбітшіліктілікті дәріптеп жүрген азамат Фетхуллах Гүленге беріп отырымыз",-деген профессор Лауренс Картер мырза.
"Біз бұл жоғары марапатты Фетхуллах мырзаға беруді жн деп таптық. Себебі, ол жаһанды жалмаған терроризммен жиһад ұғымына қарсы күресіп келеді. Қаншама жазықсыз адамдардың өмірлерін қиған жиһадшылардың дегендерін теріске шығарып, исламның қатыгез дін емес, бейбітшіл дін екенін дәлелдеумен келеді. Біз мақтан етеміз, себебі Фетхуллах мырза адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңыздылығын жеткізді. Біз оны мақтан етеміз, себебі, ол нәсілшілдік, ер мен әйел арасындағы кереғар түсініктер, этникалық жікке бөлінушілік, материалдық деңгейге бөлінушілік, дискриминация, ұлтқа бөлінушік т.с.с. сірескен мұздай ұғымдардың исламда және әлемдік бейбітшілік жолында кедергі болмайтынын жеткізді. Сондықтан, мен Фетхуллах мырза аса зор ықыласпен аталмыш жоғары мәртебелі сыйлықты табыстағым келеді. Сіздің ойларыңыз, әлем халықтарын бейбітшілікке үндеуде өте маңызды рөл ақтарады. Сізді Махатма Ганди, Кинг және Лкедалардың ізін жалғастырушы деп танимыз",-деді марапаттау рәсімінде профессор Лауренс Картер мырза.
Нұргелді Әбдіғаниұлы