Қазақстан Ұлттық Банкі қаржыгерлерді, банк қызметкерлері және отандықтарды Ұлттық валюта күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда ұлттық валюта Қазақстан Республикасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашадағы №1399 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 жылғы 15 қарашада айналымға енгізілді.
Кейіннен, 1998 жылдан бастап, 15 қараша кәсіби мереке ретінде Ұлттық валюта – теңге күні және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің мерекесі болып белгіленді.
Биыл экономикалық тәуелсіздігіміздің нышанына, Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің айналымға енгеніне 25 жыл толады.