Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы қазақстандықтарға, ғылыммен айналысып жүрген адамдарға нағыз прагматикалық, нақты, сонымен қатар өте маңызды, Қазақстан Республикасының болашағы үшін тағдыршешті мәселелерді қозғаған маңызды құжат болды.
Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауында Қазақстан Республикасының ширек ғасыр арасындағы екі жаңғырту үрдісін бітіріп, үшінші, Қазақстан Республикасының экономикасы дүниежүзі нәтижесін, өсімін, табысын лайықты деңгейге жетуін қамтамасыз ететін, жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу басымдығына көшуімізді айқындап берді.
Цифрлы технология Қазақстан тұрғындары үшін Қазақстан Республикасы егемендігінің бастапқы уақыттарында-ақ тұрақты түрде енгізілу процессі жүрді. Ең бірінші, орта білім беру мекемелері, яғни мектептерге компьютер орнату, сонымен бірге басқа да техникаларды орнату мықтап қолға алынды. Компьютерлер жұмыс орнында да, яғни кеңседе, соынмен қатар үйде де табылатын болды. Ол негізгі технологиялық құрал ретінде қолданысқа енгізілді, ақпаратқа байланысты орындалатын әртүрлі жұмыс техника көмегімен, яғни компьютердің қолданумен іске асатын болды. Мәліметтерді, ақпараттарды сақтау, тарату жолдары бір ретке келді.
Ұялы телефондар, желілік телеарналар аталған бағдарламаның нәтижесі. Енді бой көтеріп, тәй-тәйлап, бойын енді түзеп келе жатқан жасанды интеллект нақты бір алгоритм жоқ жерде қолдануға жол ашады.
Осыдан сегіз жыл бұрын, яғни 2011 жылдың 18 қаңтар күні Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуымен Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телерадиохабар тарату жүйесі іске қосылғанын айта кету керек. Қазіргі таңда ұлттық оператор қызметін қолданатын үй шаруашылығының саны есептейтін болсақ, оның саны миллионға жетуге жақын қалды. Цифрлы стандартқа ауысқан кезде, Қазақстан Республикасындағы жерсеріктік жүйе абоненттерінің саны бұған дейін небәрі алты мың үш жүз болған. Қазір бірнеше есеге өскенін ескерсек бұл көрсеткіш аталмыш қызметтің Қазақстан Республикасы халқы арасындағы үлкен сұранысқа ие екенін тағы бір мәрте айғақтайды. Қазақстан аумақтары бойынша қарастыратын болсақ, ауылды аймақтарда оның пайдаланудыңпайыздық көрсеткіші бойынша елуден асып отыр, яғни абоненттерінің жетпіс пайызы ауылдық өңірлерге келеді.
Қазақстан республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауында Қазақстан Республикасындағы үлкен экономикалық, сонымен қатар технологиялық дүмпу болу керектігі айрықша айтылды. Ал бұл мақсатқа жету жолында, ең алдымен, IT саласына басымдық беріледі.
Қазақстан Республикасында ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға енгізу жұмыстары, 2008 жылы өте нәтижелі нәтижелі басталды. Сөздің жаны бар екенін түрлі мысалдармен дәлелдеуге болады. Мәселен, «eGov» жүйесі және Қазақстан Республикасының электронды үкіметін айтса болады. Дәл осы жүйенің көмегімен қазіргі таңда көптеген операцияны үйден немесе кеңседен шықпай-ақ компьютер алдында отырып жұмысыңызды бітіре аласыз. Мысал келтіріп өтейік, мәселен құжат рәсімдеу, коммуналдық қызмет ақысын төлеу, салықты төлеу, айыппұлды төлеу, сақтандыру, сонымен қатар көптеген қызмет түрлерін үйде немесе кеңседен шықпай-ақ төлеуге әр Қазақстан Республикасы президентінің мүмкіндігі бар. Мұндай қызмет түрлері әр кез жетілдіріліп отырады.
Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына сәйкес, жаз мезгіліне қарай Қазақстан Республикасында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылады деп шешілді. Бұл жоспарды орындау үшін барлық жұмыстар атқарылып жатыр. Ақпараттық технологиялар қарышты қадаммен келе жатқанда заманда IT саласын қарыштатып датмытпасақ, дамыған, өркениетті отыз елдің қатарынан көріну үшін мұның барлығы өте қажет. Себебі, дамыған, экономикалық болсын, әлеуметтік немесе мәдени сала бойынша әлем бойынша алдыңғы қатарда тұрған елдердің барлығы дерлік аталмыш цифрлы жүйеге көшіп, оны дамытып, өнеркәсібінің қарыштап дамуына, сонымен қатар халқының әлеуметтік жағдайын жыл санап жтілдіріліп келеді.
Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауында Елбасы: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», - деп нақты тапсырма беріп, мақсатты айқындаған еді.
Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сапасын арттыру, әл-ауқатын жақсарту, сонымен бірге, ұлттық экономиканы цифрландыру бағдарламасын іске асыру аясында 2020 жылға дейін ғаламтор қолданушылардың санын сексен процентке дейін арттыру мақсаты, Қазақстан Республикасы азаматтарының тоқсан бес пайызын цифрлы xабар таратумен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы тұрғындарының цифрлық сауаттылығын сексен процентке дейін арттыру мақсаты тұр. Бұл үшін 2018 жылдың өзінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасынд екі жүз қырық төрт радио мен телевизиялық станса өз жұмысын бастайды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған радио мен телефизиялық станса өз жобаларымен, сапалы өнімдерімен Қазақстан Республикасы тұрғындарын қуантады.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама тек Қазақстандағы IT саласын ғана емес, Қазақстан қоғамындағы басқа да көптеген саланы жетілдіруге, дамытуға арналған. «Цирлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама ішкі жалпы өнімдегі IT саласының үлесін екі жылда, яғни 2020 жылға дейін бес пайызға дейін жеткізу күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі. Ол жоспарда тұрған мәселе. IT-секторында жүз елу мың жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыз жүргендер үшін тамаша мүмкіндік екені жасырын емес. Еңбек өнімділігі отызжеті пайызға жеткізу де жоспардабар. Қазақстан Республикасы халқының цифрлық сауаттылығын арттыру да ең басты мақсат, міндеті тұрғанын айта кеткен жөн. Жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының IT саласындағы сауаттылығын сексен бес пайызға дейін арттыру басты мақсат. Ол мұратқа жету жолында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр және ол өз нәтижесін бермей қоймайды. Себебі мақсатқа жету жолындағы сатылар нақты тапсырмалармен және дедлайнмен бекітілген. Оның нәтижесі көрініп те жатқанын атап өту керек.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекетті бағдарламасын іске асыруда төрт нақты бағыт, бағдар бар. Оның әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік. Бірінші бағыт – Қазақсатндағы ауылдарды қолжетімді интернетпен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының транзиттік жағдайын жақсарту. Енді екінші бағытқа тоқталайық, екінші бағыт – экономика секторларына, мәселен, көлік және логистика саласы немесе денсаулық сақтау, білім беру саласы, сонымен бірге, ауыл шаруашылығы және электронды сауда цифрлы технологияны енгізу.
Үшінші бағыт – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жұмысының сапасын жақсарту. Ал төртінші бағыт IT-мамандарды даярлауға арналған.
Цифрлы технологияның Қазақстан Республикасы тұрғындарының жартыға жуығы тұратын ауыл тұрғындары үшін, ауыл-аймақтарда өз нанын тауып жүрген ауыл шаруашылығы саласына да берері өте көп екенін айта кету керек. Дүниежүзіне танымал «Microsoft» компаниясының қбасшысы Билл Гейтс ойлап тапқан «Оракул» атты компьютерлік бағдарлама ауылшаруашылығына арналған жерлердің жағдайын саусақпен санарлық қана уақыт ішінде талдау жасап, қандай жағдайда екенін дәл жеткізе алады. Дәл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында егістік пен жайылымның көбі жекенің қолында немесе іске аспай, яғни пайдаланылмай жатқаны қынжылтады. “Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аталған жер иелерінің аты-жөні мен жердің қанша уақыттан бері пайдаланылмай жатқанын дәл айтып бере алады. Бұл дегеніміз «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Microsoft компаниясының басшысы Билл Гейтстің «Оракулы» да Қазақстан Республикасының кең қолданысқа енуі әбден мүмкін екенін айта кету керек.
Цифрлы технология бұдан басқа көптеген салаларында да пайдаланылып келеді. Оның ішінде денсаулық сақтау саласы, білім беру саласысында да пайдаланылды. Биыл, яғни 2018 жылы цифрлы технологияны жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының орта білім беру мекемелерінде, яғни мектептерде электронды күнделік қолданысқа енгізіледі. Сонымен бірге, мұғалімдер істеген жұмыстарының есебі, жоспарларын бұрынғыдай қағаз жүзінде емес, енді электронды түрде жазып, тапсыра алады.
Мұның бәрі Қазақстан Республикасы халқының дәулетті ғұмыр кешуі мақсатында жасалып жатқан іс-шара екенін анық білуіміз керек бесенеден белгілі. Қазақстан Республикасы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы жақсарып, еңсесі тіктегенде ғана Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған, сонымен бірге өркениетті елдердің қатарына ене алады. Яғни алдыңғы «қатарлы отыз елдің қатарына ене алады. Аталған мұратқа жету жолында Қазақстан Республикасы Үшінші жаңғыруды еңсеруі керек. Алдағы уақытта заман көшінен қалып қалуды қаламайтын кез келген адам, оның ішінде түрлі маман иелері, ғалымдар және студенттер коммуникациялық байланыс, оның ішінде телекоммуникация, сандық телевизия, интернет, ақпараттық технологиялар, электронды үкімет, электронды онлаин сауда-саттыұ, интерактивті жарнама мен қоғамдық медиа секторындағы маңызды тақырыптардан тыс қалмауы тиіс.