Қазақстан қазіргі кезеңдегі әлемдік сын-қатерлер жағдайында

/uploads/thumbnail/20181127092925112_small.jpg

Әлемдегі тұрақсыздық, қарулы қатығыстар және экономикадағы болып жатқан дағдарыстар Қазақсатнның жеке өз алдына мақсаттар мен міндеттер қойып отыр. Елбасы Н.Назарбаев бұл туралы өзінің жыл сайынғы жолдауларында айтып келеді. Еліміз тәуелсіз мемлекет ретінде өзінің саяси-экономикалық жүйесінің мықтылығын дәлелдеп, әлемдік сын-қатерлерге қарсы тұра алатынын көрсетуі керек.

Қазақ елі азаттық алғалы бері аз уақыт ішінде өзінің саяси жүйесін, билік институттарын және дамушы ұлттық экономикасын құра алды. Бірақ кеңестік өкімет құлағалы бері Қазақстан ішкі де, сыртқы сынақтарға төтеп бере алып келе жатыр. Тарихтан сабақ алған еліміз қазіргі жағдайына оңай келе салған жоқ. Ғаламдық экономикалық дағдарыс пен тұрақсыздық жадайында жас әуелсіздікті сақтап, оны күшейту жас мемлекет үшін оңай болмаған атап өту өт маңызды болып саналады.

Президентіміз Қазақ халқының тарихи сынақтарынан өтіп, шыңдалып және күшейіп келе жатқанын айтады. Экономикадағы жетістіктеріміз соның айғағы болып отыр. Қазіргі алмағайып заманда еліміз бұрын соңды болмаған әл-ауқаты жақсарған жағдайда өмір сүріп жатыр. Біраз жетістіктерге жеттік. Дегенмен бұл бейқам отыру деген сөз емес. Әлем өзгеріп, жаһандық үрдістер көз ілеспес жылдамдықпен жүріп жатқан кезде біз де қауіп-қатерлерге төтеп бере алатындай деңгейде болуымыз азат ел болып қала беруіміздің басты шарттарының бірі болмақшы. Әлемде болып жатқан түрлі дағдарыстар бізге байланысты емес және олардың салқынынан ешкім де кепілді түрде қорғалмаған.

Біріншіден, ғаламдық дағдарыс күллі әлемді шарпитын аждаһа аузынан шыққан от сияқты болғандықтан, тіпті халықаралық қаржы институтарының өздері шарасыздықтанытып отыр. Қазба байлықтар мен көмірсутектің бағасы тұрақты болмай тұрған кезде біздің елдің экспортқа кететін өнімдеріміне сұраныс азайып отыр.

Екіншіден, экономикалық өсімнің баяулауы әлемнің барлық елдерінде байқалуда. Яғни, ішкі жалпы өнім бұрынғыдай жылдам қарқынмен өспейтін болды. Халықаралық валюта қоры өз болжамдарында 2011 жылдан бері бұл көрсеткіштің 5-тен 3 пайызға дейін төмендегенін және бұл әлі де жалғаса беретінін айтуда.

Үшіншіден, мұнайдан түстеін супертабыстар бүгінгі таңда жоқтың қасы.

Төртіншіден, ғаламдық экономика саяси факторлардың қысымына түсті. Үлкен державалар саяси текетірес құралы ретінде бір-біріне санкциялар салып, экономикалық жағдайларды күрделі де қиын етіп жіберді. Олардың бір-біріне деген сенімі әлсіреп, қырғиқабақ күйге көшті. Таяу және Орта Шығыс, Солтүстік және Орталық Африка аймақтарында тұрақсыздықтар мен қарулы қақтығыстар тым жиілеп, босқындар көбейді. Күн сайын террорлық аутілер жасалып, көптеген жазықсыз адамдар, оның ішінде балалар да қаза тауып жатыр. Халықаралық терроризм адамзатқа төнген үлкен қауіп-қатер болып тұр. Бұл кез келген ел үшін оның мемлекетілігін құртуға сырттан бағытталған жойқын күш екендігі бәрімізді алаңдатып отыр.

Әлемдік және аймақтық күштердің бақталастық бәсекесі де адамзатқа аз қиындық тудырып отырған жоқ. Осындай қиын-қыстау кезеңде біз өз шама-шарқымызша қарсы тұра алатындай стратегияны ұстануымыз керек. Сондықтан да Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесі ғаламдық сын-қатерлер мен қауіптерге төтеп бере алатындай жаңа іс-қимылдар жоспарлар жасау маңызды мәселе болып табылады. Елбасы бұған дейін де бірнеше рет дағдарысқа қарсы жоспарлар жасалып, сәтті орындалғанын және біздің елдің экономикалық қиындықтарды жеңуде тәжірибесі бар екенін айтқан. Қазіргі дағдарыс бұрынғылардың толқындық жалғасы болғандықтан Қазақстан өз экономикасын сақтандыра алатын стратегияны қолданатын болады. Осыған байланысты мемлекет басшысы төмендегідей нақты қадамдар жасалып, экономикамызды қалайда әлемдік дағдарыстан алып шығу үшін жұмыстар жүріп жатқанын мысалға келтірді.

Біріншіден, еліміз индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастап, яғни шикізат ресурстарына тәуелді емес экономика құруға көштік.

Екіншіден, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Ұлттық валюта еркін курсқа жіберілуі де дағдарысқа қарсы шаралардың маңызды аспектісі болып табылады.

Үшіншіден, «Бес институционалдық реформа бойынша 100 нақты қадам. Ұлт жоспары» жүзеге асырылуда. 80-нен астам заң 2016 жылдан бастап осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Орта және шағын бизнесті еркін дамуы үшін әкімшілік кедергілер жойылуда. Мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау салалары жетілдірілуде.

Төртіншіден, Ұлттық қор мен алтын-валюта резерві жеткілікті мөлшерде жиналған.

Бесіншіден, мұнай бағасы барреліне 20 АҚШ долларына дейін түскен жағдайда не істеу керектігі де ойластырылған.

Алтыншыдан, Қазақстанның экономикалық өсімінің жаңа драйверлері болып инновациялық индустрияландыру аясында жаңа салалар қалыптасып келеді.

В-шестых, драйверами экономического роста в Казахстане становятся новые сектора экономики, создаваемые в рамках инновационной индустриализации. Өңдеуші салалар біртіндеп өсім беруде. Өңдеу өнеркәсібі 1,3 есе, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын өндіру 1,7 есе және машина жасау өндірісі 2,2 есе өскен. 800-ден астап индустриялық жобалар іске асты. Металлургия өнеркісібі 15 пайызға өскен. Дүниежүзілік және Азия даму банктерінің болжамы бойынша мұндай өсім алдағы жылдарда да болады.

Жетіншіден, қазақстандықтардың экономикалық мінез-құлқы өзгеріп келеді. Еңбек өнімділігі 60 пайызға өскен.

Елбасы қаржы саласын тұрақтандыру, бюджеттік саясатты оңтайландыру, экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңадан инвестициялық және әлеуметтік саясат жасау сияқты құрылымдық өзгерістер арқылы дағдарысқа қарсы тұра алатынымызды халыққа жеткізіп, бірлесе жұмыс істеуге және барлық партиялар, қоғамдық ұйымдарды қолдау көрсетуге шақырды.

Аталған шараларды жүзеге асыру әлемдік сілкіністер, қақтығыстар және тұрақсыздықтар жағдайында Қазақстанның аман қалуына мүмкіндіктер береді. Осылайша еліміз қандай қиындықтар болса да шығатын жолды таба алатынызға сеніміміз мол. Ел экономикасының тұтқасында отырған білікті мамандар Елбасы ұсынған жобаларды жүзеге асыру арқылы әлемдік дағдарыстарды айналып өте алатыны сөзсіз.

Бірігу мен ынтымақтасу, ауызбіршілік таныту арқылы ғаламдық дағдарыстардың қайсысына да төтеп беруге тиістіміз. Сол арқылы Қазақстанды дамудың жаңа белестеріне шығаруымызға болады.

Алмағайып заманда сын-қатерлердің әлі де неше түрі болатынын болжап айту қиын. Әлемдік саясат пен экономикада дағдарыстар жалғасуда. Әр мемлекет оған өз күштерін жұмылдыруда.

Тәуелсіздік жылдары Қазақ елінде өзінің құндылықтары қалыптасып үлгерді. Азат Қазақстан мен оның Астанасы, жалпыұлттық ауызбірлік, бейбітшілік пен келісім, рухани даму, индутрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім және жалпыға ортақ еңбек қоғамы оған дәлел болады. Елімізде әрбір азамат үшін дағдарыс жағдайында қиналмай оны еңсеруге алғышарттар бар. Мемлекет жұмыссыздар санын азайту үшін, жұмыс іздеушіге жаңа мамандықты меңгеруге грант берілетін болады. Ал әлеуметтік көмек тек мүмкіндігі шектеулі жандар мен күнкөрісі төмендерге ғана көрсетіледі.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында алған тәжірибесі дағдарысқа қарсы күресте де өзінің оң нәтижесін береді.

Секен НАЗАР

Связанные Статьи