ҚазҰУ түлектері Қанат Исламмен кездесті (фото/видео)

/uploads/thumbnail/20170708175139331_small.jpg

Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінде кәсіпқой боксшы Қанат Исламмен кездесу өтті. Дайындық факультет ұстаздары Профессор Наухан Асанов пен ф.ғ.к Нұргүл Алдабек кештің тізгінін ұстады.

083A5907

Бұл факультет негізінен шетел қазақтарын, оның ішінде Атажұртқа алғаш келген жастарды білімге баулиды. «Қара шаңырақ» ҚазҰУ-дың мәртебесін асқататып тұрған факультет соңғы жылдары Ауғанстан жастарын да оқыта бастаған.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы көшінің» арқасында Отандарына жаңа оралып жатқан жас түлектерді бауырға басып, олардың жүйелі білім алуына жағдай жасау – Қазақ елінің абыройын асқақтататын ұлы жұмыс. Жат жұртта туылып, өзге мемлекеттің «тәртібімен» қалыптасқан жастарды елге, жерге бейімдеуде ұстаздардың да еңбегі ұшан-теңіз. Әлем қазақтарының жарық жұлдызы Қанат Исламды кездесуге шақырып, алқалы жиын өткізу – соның бір айғағы.

083A5914

Кездесу еркін форматта, аса жоғары деңгейде өтті. Әсіресе, басқа университеттерден келіп, ойларын айтып, пікір алмасқан жастардың көптігі қуантты. Қанат мырза соңынан еріп келе жатқан іні-қарындастарын еңбеккерлікке, Отансүйгіштікке шақырды. Кеш соңында Дайындық факультет түлектеріде өз өнерлерін көрсетіп, ағаларына сый жасады. Ақындар өлең оқып, жас өнерпаздар ән шырқады. Факультет ұстаздары мен шәкірттер осы кездесуге мұрындық болған «Қамшы» порталына ризашылықтарын білдірді.

083A5927 DSC_0024 083A5906

https://www.youtube.com/watch?v=j1vOsbSTyyk

Аян Аманғали

Связанные Статьи