Тоқтар мен Бейбіт егіз ұлды болды (фото)

/uploads/thumbnail/20170708175153015_small.jpg
Қазақстандық танымал дуэт Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева егіз ұлды болды.

Майғазиев Instagram желісіндегі парақшасында өнердегі әріптесін құттықтап, жылы лебізін білдірді. "Тоқаш досым, 3 ұлдың әкесi атанғаның құтты болсын! Ұлдарың өзiңнен өте тусын. Алла тағала Бейбiт екеуiңе баянды ғұмыр бергей", - деді әнші өз парақшасында. Сонымен қатар, "Жігіттер" тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов та бірінші болып құттықтағандар арасында болды. Өнердегі әріптесіне ол "Алла тағаланың шеберлілін-ай. Тоқтар ағамыздың шаңырығында үлкен қуаныш. Шекесі торсықтай егіз ұл өмірге келді. Бейбіт жеңгемен бақыттарыңыз баянды болсын! Тіл-көзден аман болыңыздар!", - деп тілек білдірді Әбдірайымов.

Естіріңізге сала кетейік, 2007 жылы отбасын құрған Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның Беколжас есімді ұлдары бар.

  photo_15961 Әнші Бейбіт Сейдуалиева kaz.tengrinews.kz

Связанные Статьи