Жеңілдетілген 20 млрд. автонесие 2 күнде таусылды

/uploads/thumbnail/20170708175235726_small.jpg

ҚР Президентінің баяндамасында айтылғандай отандық автокөліктерді қолдау мақсатында Ұлттық қордың есебінен 20 млрд. теңге бөлінген болатын. Оның 15 млрд. теңгесі Қазақстанда жинақталған көлік маркаларының несиесіне тиесілі екені белгілі болған.

Бұл туралы “Қазақстан даму банкінің” басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеген.

Тіпті, 20 сәуірден бастап еліміздің қалаларында халыққа жеңілдетілген пайызбен авто несиелер беріле бастаған. Ол үшін Қазақстанның Халық банкі (4 млрд теңге), Еуразиялық банк (3 млрд теңге), Сбербанк Қазақстан (2 млрд теңге), Банк ЦентрКредит (2 млрд теңге), АТФ Банк (2 млрд теңге) және ForteBank (2 млрд теңге) бөлімшелеріне өтініш қалдыру керек еді.

Жеңілдетілген авто несие бағдарламасы қолға алынған екінші күні-ақ, банктерде ақша таусылып қалуына байланысты несиеге өтініш қабылдау тоқтатылған. Бұл туралы «Колеса» порталы хабарлаған.

"Бипек автоның" диллерлік орталықтарының мәліметінше несие таратушы банктердің басым көпшілігі өтініш қабылдауды тоқтатқан. Орталық менеджерлерінің айтуынша, бір ғана Алматы қаласының өзінде бір күннің ішінде 1500-ден астам адамнан жеңілдетілген пайыздық авто несиеге өтініш қабылданған. Ал жалпы қорытындыда алматылықтарға 4800-6000 отандық автокөлік несиеге берілуі тиіс болатын. «Аллюр Авто» және Hyundai салондарында да жағдай осындай.

Ал Үкімет арнайы отандық автокөліктерді қолдау мақсатында халыққа төмен пайыздық несиемен ұсынған автокөліктерге қолы жетпей немесе кезегі келмей қалғандар үшін тек күту ғана қалған. Ол үшін, Банк және несие талаптарына сай келмейтін азаматтардың орындарын толтыру үшін, банктер екінші толқынмен өтініш қабылдайтындарын айтқан. Немесе жеңілдетілген пайыздық мөлшермен авто несиелендірудің екінші толқынын күтуге тура келіп тұр.

Нұркелді Әбдіғаниұлы

Связанные Статьи