Шетелдегі қазақтардың елге керек екенін сезіндіру керек. Осы мәселені дұрыс айттыңыз. Себебі, соңғы жылдардағы Үкіметтің бірқатар қаулылары оларды керек емес дегендей сыңай танытқандыққа сайғандай әсер жасады ғой. Өзім көрген шетелдегі қазақтардың барлығы дерлік Отанға келгісі келеді, Осында өмір сүріп, қазақ тұқымын көбейтіп, әр тамшы терін қазақ үшін төккісі келеді... Амал не? Біреу сезінгенді, біреу байқамайды ғой (Байқаса да байқағысы келмей, қарсы жүретін шығар мүмкін). "Сен қазақ еліне керексің!" деп айтуын айтамыз да, іспен дәлелдей алмай келеміз. Көші-қон заңын оң өзгерістермен тезірек қабылдап Үкімет осы мәселедегі өз мейірімін танытуы керек деп ойлаймын. Бұл ұлттың тағдыры, ертеңгі. Елбасы тапсырмасын орындамай отырған кім екенін түсінбей қалдық қой.
Оразбек Сапархан, Facebook парақшасынан