Сайлаушылардың көп келуі қазақстандықтардың бірлігін көрсетті – Г.Нәсімова

/uploads/thumbnail/20170708175409787_small.jpg
2015 жылғы Президент сайлауына сайлаушылардың көп келуі елдің басты саяси оқиғасы төңірегінде сайлаушылардың біріккенін көрсетті. Бұндай пікірімен BNews.kz тілшісімен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саясаттану кафедрасының меңгерушісі, саясат ғылымдарының докторы, профессор Гүлнәр Нәсімова бөлісті.

«2015 жылғы Президент сайлауына сайлаушылар көп келуде. Бұл елдің басты саяси оқиғасы төңірегінде азаматтардың біріккенін көрсетті. Бұл ОСК сайлауалды насихат жұмыстарының ұйымдастырылуының, кандидаттардың сайлау штабтарының жоғары деңгейінің дәлелі. Олар азаматтардың электоралді белсенділігін арттыруға көп көңіл бөлді. Ақпараттарандыру деңгейі жоғары болды. БАҚ күн сайын азаматтарға әр кандидаттың сайлауалды насихат жұмыстары барысы туралы мәлімет таратып отырды», - деді Гүлнәр Нәсімова.

Связанные Статьи