Ердоғанның "геноцид" туралы Армиян премьер-министріне айтқан сөзі (видео)

/uploads/thumbnail/20170708175415530_small.jpg

Сәуір келсе болды, Армения мен Түркия сүйекке таласқан иттей ырылдаса қалады. Мұның да себебі бар. Осыдан дәл жүз жыл бұрын Осман ипреиясы тұсында қаза болған қандастарын еске алады. Ал Түркия "Армиян геноцидін" ресми мойындаудан бас тартқан. Осман империясы кезіндегі геноцидті әлемнің бірнеше мемлекеті мен саяси халықаралық ұйымдар жоққа шығармағанымен, Анкара айтқанынан қайтар емес. Мысалы, 1965 жылы бірінші болып Уригвай ресми түрде Осан империясы тұсындағы "Армиян геноцидін" мойындаған болатын. Араға 30 жыл салып, Ресей билігі де геноцидті мойындайтындықтарын мәлімдеген. Кейіннен бұлардың қатарына - Кипр, Италия, Ватикан, Франция, Германия, Голландия, Бельгия, Польша, Литва, Словакия, Швеция, Швейцария, Греция, Ливан, Канада, Венесуэла, Аргентина, Чили қосылған. Армян геноцидін сондай-ақ, Еуропа парламенті мен Бүкіләлемдік шіркеулер кеңесі де мойындап, АҚШ-тың 50 штатының 42-сі жыл сайын 24 сәуірді Армян халқының геноцид құрбаны болған күні ретінде еске алуды дәстүрге айналдырған. Тіпті, Еуропаның бірқатар мемлекетінде армян геноцидін жоққа шығарғандарды заң алында жауапқа тартуға шешім шығарылған. Қазіргі таңда армян геноцидіне қатысты әңгіменің күшейіп келе жату себебі, саны аз болса да, салмағы көп армян диаспорасы әлемдік саясатта ықпалды. Жер шарының түкпір-түкпіріне тарап кеткен армяндар әсіресе, АҚШ, Франция, Германия сияқты басқа да дамыған мемлекеттерде басымдыққа ие. Солардың бастамасымен, ХХ ғасырдың соңында «Армяндар геноцидін жұмсартып мойындау» туралы мәселе көтерілген. Ол құжатта қазіргі Түркия емес, Осман империясы кезінде армяндарды жаппай қырып-жойған қатыгездікті мойындатып, Армения тарапынан Түркия орындай алмайтын талаптарды қойдырмау қарастырылған. Оның үстіне, халықаралық деңгейдегі араағайындардың екі жақты келістіруге ұмтылған талпынысы, шамадан тыс белсенділігі «артық қылам деп, тыртық қылыптының» керін келтірді. Армяндарға қатысты мәселедегі түрік қоғамында азаматтардың пікірі мен ұстанымы екіге жарылған.

1915 жылғы қырғынға қатысты "геноцид" терминін алғаш қолданған - белгілі батыстық құқық қорғаушы Лемкин Рафаел. Демек, "геноцид болды ма, жоқ па", нақты белгісіз.

Десе де армиян мен түріктің арасындағы салқын қатынас әлемдік саясатта анық байқалады. Осы ретте, Түркия Президенті АҚШ-тағы БҰҰ мүшелері жиналған бір жиында ресми мәлімдеме жасаған. Аталмыш мәлімдеменің қазақ тіліне аударылған нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

https://www.youtube.com/watch?v=DNIC7aNa07Q&feature=youtu.be

Түркия Президенті, Р.Т.Ердоған:

- Сіз айттыңыз: "Христиандарға көрсетілген қорлық, армияндарға жасалған геноцид". Сонда сіз осы мәлімдеме арқылы нені меңземексіз? Бұл әрине, лас жүріс. Сіздің қандай дәлелдеріңіз бар?

Арменияның СІМ қазір ортамызда отыр. Қараңыз, мен өз шақыртуымды сонау 2005 жылы-ақ, жібергем. Хат та жаздым. Мен қайталай аламын. Біз өзіміздің барлық архивтерімізді ашып бердік. Миллиондаған құжаттарды алдарыңызға ұсындық. Егер армиян архивтерінде қандай да бір дәлелді құжаттар болатын болса, кәне, ашсын архивті. Ол құжаттарды да қарайық. Біз "армиян геноциді" аталып жүрген бұл оқиғаға қатысты тың мәлімдемелер жасау үшін, тарихшыларды, ғалымдарды, саясатта жүрген адамдарды, заңгерлерді тартайық. Бұған қатысы бар үшінші ел болса, оларды да шақырайық. Сосын барып, біз саясаткерлер, қорытынды жасайық. Ал, толық құжаттық-дәлелдер базасы болмай жатып, ашықтан-ашық Түркияны "1915 жылы геноцид жасады" деп кінәләу, ешкімге абырой алып бермейді.

Біздің қоғамда, мәдениет пен тарихымызда "геноцид" жайлы нақты деректер жоқ. Сондықтан бізге тағылған айыппен келісе алмайды екенбіз, кешіріңіздер. Біз кез-келген уақытта нақты фактілерге сүйене отырып, Армения тарапымен келіссөздер өткізуге дайынбыз. Бірақ, ешқандай нақты деректерсіз, әр елдің парламентінің сырттай, мүдделік көзқарастарына, дауысына сүйеніп, бізді геноцидке айыпты санауға біз мүлде келіспейміз. Қайталап айтам, біз бұған келіспейміз. Алдымен, дәлел-деректер келтіріңіздер. Басқа ештеңе де емес. Содан кейін, керек болса, біз өз тарихымыз үшін жауап береміз. Мен геноцид туралы сізге үлкен жауапкершілікпен мәлімдеймін.

Ал енді, Озкаян мырзаның біздің елдер арасындағы дипломатиялық қатынастар туралы сауалына жауап бере кетсем. Қараңыз, Озкаян мырза, мен Түркияның премьер-министрі болып тұрған кезімде, білесіз, Армения мен Түркия арасында әуе жолы мүлде болмаған. Мен Президент болдым, әуе коридорын аштым. Қазір, Ыстамбұлдан Арменияға тікелей рейс ұшуда.

Екіншіден, менің елімнің шығысында Ван көлі бар. Осы көлде Акдамыр аралы бар. Осы аралда жергілікті армиян диаспорасы үшін салынған христиандардың Ортодоксал шіркеуі бар. Дәл осы шіркеу қираған кезде, біз қайта салып бердік. Қазір менің елімде өмір сүретін армиян бауырларым бейбіт күн кешуде. Сідерді білмеймін.

Аударған Нұргелді Әбдіғаниұлы

Связанные Статьи