"Қарағандыда қазақ бар екен ғой!"

/uploads/thumbnail/20181121105402473_small.jpg

"Қарағандыда қазақ бар екен ғой!" Бұл Айтқожа Фазыл ағамыздың сөзі. Осы кезге дейін жеке батыр боп келген ағамыз таңданысы мен сүйсінісін жасыра алмады. Иә, Қарағандыда қазақ бар! Осы кезге дейін "Карлаг" деп қорлап келген, қорсынып келген Қарағанды қазағы бар екенін білдірді. "Қарнымның ашқанына жыламаймын, қадірімнің қашқанына жылаймын", — дейтін қазақ қадірінің қашқанына күйініп, әділдікті талап етуде.

Ахмет Байтұрсынұлы: мемлекет болу үшін бай болу керек, бай болу үшін кәсіп керек дейді. Айтқожа ағамыз:  "бізде рух бар!", – деді. Ақсақал ащы болса да шындықты айтты.

Сонда қазақтың байлығы қайда?! Қазақтың байлары қайда? Қазақ неге кедей? Оның себебін тағы Ахмет Байтұрсынұлы айтады: "Ел бағатындар ел бағуларын жақсы білулері керек". Шынын айту керек, ел бағатындар елін баға алмай отыр. Елін дұрыстап бақса, қазақ өз жерінде өзі төменшіктеп, иттен қор боп жүрмес еді ғой. Қазақта патриот деген сөз жоқ. Қазақта ұлтшыл деген сөз бар. Ұлтшыл - ұлтын, елін, мемлекетін сүйетін адам (шыншыл - шындықты сүюші дегендей). Қазақ ұлтшылдығы оянып келеді.

Карлагтың - езілгендер мен жанышталғандардың, жазықсыз жапа шегіп, өмірі қапас пен қорлауда өткен отаны - Қарағандыда үрейдің бұлты ыдырады. Халық азаматын іздеп көшеге шықты. Ел иесіз емес, жер киесіз емес. Елдің иесі де , жердің иесі де - қазақ! Мұны ел бағатындар қаперінде ұстау керек. Бес күндік жалған үшін қазақтың мүддесін сатқандар, - енді сендерді халық кешірмейді. Осыны біліңіздер. Өйткені Ел иесіз емес, жер киесіз емес! Елдің назасы, жердің киесі ұрып жүрмесін сендерді.

Омар Жәлелұлының фейсбук парақшасынан

Оставить комментарий

Связанные Статьи