Балаға әкеден жақын бар ма?

/uploads/thumbnail/20170708175445701_small.jpg

Бірнеше постыдан мынадай мысал оқыдым: "Ұзатылған қызға "əкең науқас" деген хабар жетеді. "Үйде отағасы жоқ еді" деп қызы науқас әкесінің көңілін сұрауға бармай қоядды. Одан кейін "əкең қатты ауырып жатыр, қоштасып қал" деген хабар келеді. Бұл жолы да күйеуімнің рұқсатын алмадым деп қызы әкесіне бармайды. Осылайша, "əкең бақилық болды" деген хабар келген кезде де қызы "үйде отағасы жоқ еді" деп қызы әкесінің өліміне бара алмайды. Қызына берген жақсы тəрбиесі үшін Алла бұл сүйікті құлының пешенесіне жанының жұмаққа болу бақытын нəсіп еткен көрінеді". Міне осы. Пікір жазғандар болса, "қандай иманды қыз", "машАллах" деп қызды үлгі етуде. Ал мен болсам бұны түсіне алмадым. Тіпті түсінгім де келмейтін сияқты. Бұл әңгіме қалайша ғибратты. Қандай ғибрат жатыр мұнда. Сондықтан бұны барып турган ата анасын сатып жиберуге акелетин, сананы улайтын индет, вирус, паразит мысал ретінде атап өтер едім. Куйеуінің рұқсаты болмағасын туған қызы әкесінің халын сұрамақ түгілі, өліміне бармағаны не сұмдық?! Көршілеріне айтып кете бермей ме. Соншалықты айдалада тұрса да. Қандай әулие, қандай шейх айтқан болса да бұл әсіресе біздің ұлтымызды ірітетін "БОМБА". Әр нәрсеге бас шұлғи беруді қой қазақ! Алдымен Атаңды, Анаңды сыйла ... Өз туған, тапқан әкесін есіркемей қалай Алланың сүйікті құлы бола кеткен ана қыз ...

Ерболат Қошқарбаев, Facebook парақшасынан

Связанные Статьи