Бірқатар Ресей БАҚ-тарында танымал әнші Батырхан Шүкенов кеше, 28 сәуірде 52 жасында жүрек талмасынан қайтыс болғандығы хабарлана бастады.
Алайда, әлеуметтік желілерде ақпараттың жалған болуы мүмкін екені де жазылды.
Батырхан Шүкеновтің batyr.net доменіндегі жеке сайтында қаралы хабар туралы ақпарат жоқ.
Ал, wikipedia.org сайты әнішінің қаза тапқан уақыты 28 сәуір 2015 жыл Мәскеу қаласы деп жазып үлгерген.
Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген.