Алаяқ риэлторды танымал актрисаға ұқсатты...

/uploads/thumbnail/20190115040138706_small.jpg

-------осылай берсе актрисаның жеке басына тіл тигізгендей боламыз ба???????????кеше байқап қалған едім расымен ұқсайды екен.

Алаяқтық істерге қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы әйел тұтқылдалды. Әлеуметтік желіде тұрғындарды сақ болуға шақырған күдіктінің фото-суреттері тарады. Алайда Instagram қолданушыларын күдіктінің алаяқтығынан бұрын танымал актрисаға ұқсастығы таңдандырған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі

күдікті

Күдікті әйел тез арада пәтер алуға көмектесетінін айтып, тұрғындарға ақылы қызмет ұсынған.

"30 жастағы Ш.есімді азаматша халықты сендіру үшін арнайы кеңсе жалдаған. Тұрғындардан қомақты сома талап етіп, есесіне тез арада Алматыдан кезексіз пәтер алып беруге уәде берген. Осы қызметі үшін К.есімді азаматшадан 2 миллион 900 мың теңге алған. Күдіктінің уәдесі сөз жүзінде, ал ісі шын мәнінде алаяқтық болғаны белгілі болды. Халықтың сенімін пайдаланып, қаржысын қалтасына басып жүре берген. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.Тек Әуезов ауданы бойынша оның 15 іске қатысы бар екені дәлелденді", – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бөлім бастығы Дидар Аханов осы іске қатысты берген мәлімдемесінде.

Алматы полициясы азаматтарды аталған күдікті туралы ақпараттан хабардар болса, 298-53-70; 298-53-71 және 8 700 100 0983 нөмірлеріне хабарласуды ескертеді.

Связанные Статьи