1997 жылы әлемдік экранды жаулаған «Титаник» фильмі 11 мәрте «Оскар» алды. Бүгінгі күнге дейін ең үздік фильмдердің қатарында танылып келеді. Сонымен қатар жас актер Леонардо Ди Каприоны экранға шығарды. Күні кеше біреулер жақсы көріп, енді бірі жек көрген жас актер бүгінде әлемге танымал. Ал миллиардтаған адамның жүрегін жаулаған Титаник фильмін қалай түсіргені сізге қызық па? "Фильмнің құпиялары жайлы оқырман біле жүрсін" деген ниетпен Qamshy.kz ақпарат агенттігі төмендегі суреттермен бөліседі.
«Әлемдегі ең үлкен корабль»
«Титаник» фильмін ешқандай компьютердің көмегінсіз түсірген. Бұл суға батқан нағыз «корабль» еді. Алайда ол корабльдердің көлемі айтарлықтай үлкен емес.
Каскадерлер іске кіріскен сәт
Фильмнің түсіріліміндегі ең қиын сәт кеменің аударылған сәті. Кей жерлерде адамдардың орнына манекендер ойнады, алайда каскадерлер де болды. Тіпті ең мықты каскадер үшін де дәл осы сахна қиынға соқты Дегенмен қиындыққа қарамастан нәтижесі оңтайлы болған сыңайлы.
Шаршап қалған актерлер
Кез келген кино түсірілім актерлерді әбден шаршататыны белгілі. 5-6 секунд демалып алса болды, актерлер кез келген жерге отыра кетеді.
Олар сізге шын ғашықтардай көрінді ме, ал режиссер ше?..
Кэмерон да экраннан жиі көрініп тұратын. Себебі актерлердің әр қимылы оның қатаң бақылауында еді.
Драма деп осыны айт!
Фильмдегі дәл осы сәтте барша көрерменнің көзіне жас келген болар. Джек құлап бара жатқан сүйіктісі Розаны өзіне қарай тартуға тырысып жатыр. Алайда шын мәнісінде жағдай суреттегідей еді. Розаның аяғы жерге тиер-тиместей болып тұр, құлап қалған жағдайда ұстап алатын көмекшісі де бар.
Жоғары тап өкілдері?! Жо-жоқ естімедім...
Фильмде байдың қызының рөлін ойнаған актриса Кейт Уинслет Розаның рөліне дәл таңдалған. Өмірде көңілді, ашық жарқын ару.
Жүректерді толқытқан сәт
Кино экранға шыққан сәттен бастап ғашықтардың кемедегі сүйікті орнына айналған мына тұрыстың шынайы еместігі суреттен байқалады. Режиссер Кэмерон актерлердің әр қимылын өзі бақылап тұрды.
Тізеден келетін «теңіз»
Теңіздің терең емес екенін байқап тұрсыз ба? Ең соңғы сцена, Джек пен Роза бір-бірімен қоштасып жатқан сәт есіңізде ме? Ал жанында жүзіп жүрген адамдар ше? Жоқ, олар жүзіп жүрген жоқ, дұрысы, суды аяқтарымен кешіп жүргендер...
Актердің «жаураған» бейнесі
Суық су мен ыстық су
Камэерон экранда бәрі шынайы көріну үшін актерлерді суық суға түсірген. Яғни, түсірілім расында мұздай суда болды. Алайда актерлері тоңып қалмас үшін режиссер ыстық ванна дайындап қояды. Түсірілім арасында әрқайсысы кезектесіп ыстық суға түсіп шығатын.
Оставить комментарий