Әкесі мен қызының арасындағы қарым-қатынас қандай нәзік екенін иллюстратор Снежана Суш өте жақсы білетін сияқты. Олай болмаған жағдайда, суретші әкесі мен қызы туралы дәл мұндай керемет суреттерді "дүниеге" қалай алып келер еді?
Снежананың суреттері түгел дерлік автордың Инстаграм желісінде жарияланып, жазылушыларының үлкен бағасын алды. Qamshy.kz ақпарат агенттігі де оқырмандарына Снежананың суреттері ұнайды деген үмітте.
Әкесі қызын қашан да қорғауға дайын: мектептегі бұзықтардан, тіпті төсек астындағы құбыжықтардан да!
Әке тіпті "шаш өру" деген сияқты қиындықтан да қорықпайды!
Жаныңда әкең бар кезде сен күллі әлемнің төбесінен қарап тұрғандайсың!
Әке деген ең жылы әрі жайлы жан...
Ол балапаны үшін тіпті кішірейеді де...
Әкесі қызымен бірге бір кесе шай ішуге қашан да уақыт табады...
Қызы нені жақсы көретінін әкеден артық кім білер?
Сол себепті де біздің қоштасуымыз тым қиын...
Әке деген қызымен бірге ойнайды...
Тіпті бірге қиялдайды да...
Әкеден кез келген, тіпті ойға сыймайтын ерекше нәрсе де күтуге болады...
Ол қашан да қиындықты жеңуге көмектеседі...
Бірге көңіл көтеруге әрқашан дайын...
Маған өмір сені жақсы көріп, сені қорғау үшін берілген...
Дереккөз: factroom.ru
Ұсынған: Мақпал Сембай
Оставить комментарий