Димаш Құдайберген: Ержантай, сен батырсың!

/uploads/thumbnail/20190304143008537_small.jpg

Әлемдік аренада қазақ елін ерекше дауысымен танытып жүрген талантты әнші Димаш Құдайберген Ресей әншілерін таңдай қақтырған кішкентай Ержан Максимге қолдау білдіріп, өз ақылын айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында Ержанды кішкентай батырға теңеп, үлкен жұлдыз болуына тілек білдірді.

"Ержантай, балапан, Ресейдегі өнеріңе тәнті болдым. Қазақ елінің өнерге бай екенін Ресейдің қақ ортасында далелдеген кішкентай батырымызсың. Былтыр осындай жобада Данелия құлыншағымыз Украинада еліміздің мәртебесін көтерсе, биыл дәстүрге айналған жеңісті үрдісімізді өзің Ресейдің төрінде дес бермей абыроймен жалғастыруыңа тілектеспін. Сен мықтысың!!! Саған бірінші кезекте, қазіргідей жақсы қарапайым азамат болып өсуіңді, содан барып қана үлкен жұлдыз болуыңды тілеймін, жаным. Алға, Ержантай!" - деп жазады Димаш.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Ержантай, балапан, Ресейдегі өнеріңе тәнті болдым. Қазақ елінің өнерге бай екенін Ресейдің қақ ортасында далелдеген кішкентай батырымызсың. Былтыр осындай жобада Данелия құлыншағымыз Украинада еліміздің мәртебесін көтерсе биыл дәстүрге айналған жеңісті үрдісімізді өзің Ресейдің төрінде дес бермей абыроймен жалғастыруыңа тілектеспін. Сен мықтысын!!!Саған бірінші кезекте, қазіргідей жақсы қарапайым азамат болып өсуіңді, содан барып қана үлкен жұлдыз болуыңды тілеймін жаным. Алға Ержантай!!!

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Ұсынған: Назерке Лабихан

Связанные Статьи