Орысшаға аударудың қажеті жоқ, мен бәрін түсіндім — Ресей құрамасының бас бапкері

/uploads/thumbnail/20190326134125468_small.jpg

Баспасөз жиынында футболдан Ресей құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған қазақ журналист, бапкердің сұрақты аудармасыз-ақ түсініп қойғанын жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы әлеуметтік желіде спорт журналисі Нұрғазы Сасаев жазады:

"Ресей құрамасының бас бапкері Черчесов мырзаға "Станислав Саламұлы" деп бастап, қазақ тілінде сұрақ қойып едім, "Орысшаға аударудың қажеті жоқ, мен бәрін түсіндім" — деді... Бәрі таң-тамаша болды. Ресей құрамасының баспасөз хатшысы "ресейлік журналистер үшін аударсын" деп күмілжіді.

Баспасөз жиыны біткен соң Ресейдің кейбір журналистері келіп, сұрап жатыр: "сіздер бұрын қазақша сөйлесіп пе едіңіздер?", "Черчесов қазақшаны жақсы біле ме?", тағысын тағы...

"Әй, айналайындар, оны жүзбе-жүз көріп тұрғаным осы, Кавказдағы қарашай, балкар, ноғайлардың тілдері бізге ұқсас қой. Черчесов – осетин. Бәлкім, олардың да тілі ұқсас болар. Қазақшаны қайдан білетіні маған беймәлім...", деп құтылдым.

"Ол сізді түсіндім",- деді ғой деп, қоймайды. Қысқасы, Ресейге Черчесовтің бір қырын ашып бердік. Қазақша түсінеді екен", – дейді парақшасында Нұрғазы Сасаев.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи