Әлеуметтік желіде Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің Лондон қаласындағы видеосы пайда болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Осыған дейін атышулы әкімнің Ұлыбританияда жүргені белгілі болған еді.
Ал Лондондағы Бергей Рысқалиевтің серуендеп жүрген кездегі видеосын саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram каналына жариялапты.
Еске сала кетсек, бұрынғы әкімге өзінің қызметтік өкілетіттігін пайдалана отырып, Атырау облысы әкімдігіндегі лауазымды тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы мемлекеттен ірі сомада қаражат жымқыру, алаяқтық және пара алу айыптары тағылған. Мемлекет көрген шығынның сомасы 72 миллиард теңгеден асады. Оның ағасы, Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқалиевті сот 16 жылға бас бостандығынан айырды.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Оставить комментарий