Ресейлік "Первый канал" телеарнасындағы "Голос. Дети" шоуының финалында дауыс беру барысында бір үміткердің мүддесін қорғау фактісі байқалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РБК сайтына сілтеме жасап.
Дауыс беру арқылы соңғы кезеңге "Как молоды мы были" әнімен Кузаков, Adagio әнімен Ержан Максим және "Ты здесь" туындысымен Абрамова өтті. 56,5 пайыз көрермен дауысымен жобаның жеңімпазы Абрамова атанса, 27,9 пайыз дауыс Ержанның еншісіне тиіп, қалған 15,6 пайыз дауыс үлесі Кузаковқа бұйырды.
"Первый канал" алдағы уақытта қорытынды жасау барысындағы жұмыс процесін қайта тексермекші.
"Қолдан жасалған дауыс берудің белгілері бар. Белгілі бір қатысушының ыңғайына қарай бейімделудің бар-жоқтығын тексеру үшін арнайы тескеріс басталды", - деді контент жасаушы компанияның арнайы өкілі.
Бірер күн бұрын ғана аяқталған шулы маусымның қатысушыларының бірі болған Валерий Меладзенің баспасөз хатшысы Татьяна Николашина аталмыш жайтқа қатысты пікір білдіруден бас тартты.
"Біз бұл туралы пікір білдірмейміз", - деді ол.
Қызы "Голос" байқауының жеңімпазы атанған әнші Алсудың директоры Сергей Фадеев те әзір ешқандай пікір білдірмейтінін жеткізген.
Шоудың финалдық кезеңі 26-сәуірде өтіп, оған тоғыз үміткер қатысты:
Светлана Лободаның командасынан: Микелла, Нино Чеснер, Роберт Багратян;
Валерий Меладзенің командасынан: Анастасия Сисаури, Михаил Григорян, Максим Ержан;
Пелагеяның командасынан: Мариам Абделькадер, Валерий Кузаков, Ренат Таиров.
Абромова – әнші Алсу мен банк қызметшісі Ян Абрамовтың қызы, ЛУКОЙЛ-дың бұрынғы топ-менеджері Ралиф Сафиннің немересі.
«Голос. Дети» - вокалдық телевизиялық шоу. Дәл қазіргі уақытта аталмыш жобаның алтыншы маусымы аяқталды.
Ұсынған: Әділет Мәдениет
Оставить комментарий