«Ральф интернетке қарсы» Blu-ray дискілерінде шығарылды (видео)

/uploads/thumbnail/20190504114603473_small.jpg

«Ральф интернетке қарсы»/«Ральф против интернета» Blu-ray дискілеріне шығарылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл қазақ тіліне дубляжданған 26-шы картина болды. Қазақстандағы премьерасы 2018 жылы, қараша айының 22-ші жұлдызында өтті. Disney студиясымен шығарылған.

Естеріңізге сала кетейік, басты рөлдегі «Ванилопа Вон Кекс» кейіпкерін дыбыстауға қазақстандық 8 актриса, «Шэнк» рөліне  — 5 және «Иесс» рөліне — 3  актриса  сыналып көрді. Ерлер партиясына кастингке: «Ральф» — 6 және «Спамли» — 10 актер қатысты. Фильмге Қазақстанның төрт қаласынан: Астана, Алматы, Орал және Қарағандыдан шамамен 50 адам қатысты. Сондай-ақ картинаға ҚазҰӨУ студенттері және «Балапан» телеарнасының жас актерлері сыннан өтті.

Нәтижесінде Disney студиясы дубляждың негізгі дауыстарын бекітті:  Жәнібек Мұсаев («Ральф»), Инабат Әбенова («Ванилопа Фон Кекс»), Олжас Жақыпбек («Мастер Феликс»), Алтынай Ногербек («Сержант Калхун»), Айман Есенқызы («Иесс»), Сая Тоқманғалиева («Шэнк»).

«Ральф интернетке қарсы» картинасының дыбыстауында режиссер Шах-Мұрат Ордабаев, аудармашы Әсел Мамырова, мәтін өңдеушілері Гүлжан Сауыртаева және Шах-Мұрат Ордабаев жұмыс атқарды.

Жоба «Болашақ» корпоративтік қорының бастамасымен жүзеге асырылды.

Серіктестер: «Меломан» компаниясы, «Aray Media Group». Дубляж демеушісі: «Bazis Construction» ЖШС (БАЗИС-А).

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Связанные Статьи