"Адамзатты жойып жіберетін ең үлкен қауіпті елеусіз қалдырдық"

/uploads/thumbnail/20190504114648764_small.jpg

Ресейдің Сыртқы барлау қызметінің бұрынғы басшысы Вячеслав Трубников адамзат баласына төніп келе жатқан ең үлкен қауіп экогологиялық проблемалармен байланысты екенін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол бұл туралы РИА Новости сайтына берген сұхбатында айтқан болатын.

Трубниковтың сөзінше, жер бетіндегі өркениеттердің жойылып кетуіне ядролық қарулардың емес, экологиялық апаттардың  қаупі жоғары. Себебі, ядролық қарулардан келетін зардаптарды адам өз қолымен залалсыздандыруға мүмкіндігі бар. Ал, экологиялық апаттардың алдында қауқарсыз.

"Егер біз тек бүгінгі төнген қауіп-қатерлерден қорқа беретін болсақ, біз адамзаттың жойылып кетуіне алып келетін ең үлкен қауіпті елеусіз қалдырамыз. Қоршаған орта адам өмір сүруіне мүлдем қолайсыз деңгейге жетуі мүмкін. Бұл менің барлаушы ретіндегі пікірім",- деп ағынан жарылды Трубников.

Естеріңізге сала кетсек, Вячеслав Трубников 1996-2000 жылдар аралығында Ресейдің Сыртқы барлау қызметінің басшысы, кейіннен дипломатиялық салада Ресейдің Үндістандағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметтерін атқарған.

Аударған: Дәурен Сыбанбай

Связанные Статьи