Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабына 200-дей адам тіркелді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
"Штаб құрамына 187 адам кірді, олар елге танымал адамдар, қоғам қайраткерлері. Оның ішінде даңқты спортшылар Жақсылық Үшкемпіров, Александр Винокуров, Айбек Нұғымаров, Әлия Юсупова, Қанат Ислам, Динара Садуақасова сияқты саңлақтарымыз бар. Аружан Саин, Динара Закиева, Вера Ким және тағы басқа үкіметтік емес ұйымдар өкілдері келісімін берді. Штабқа әртістер де кірді. Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Мейрамбек Беспаев, Самал Еслямова бар", – деді Мәулен Әшімбаев республикалық қоғамдық штабтың ресми ашылуында.
Естеріңізде болса, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған болатын.
Ұсынған: Дәурен Сыбанбай