Ресейлік продюсер, композитор Игорь Крутой қазақстандық жас әнші Ержан Максимді өзінің музыка академиясына шақырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ержан Максимнің instagram парақшасындағы жазбасына сілтеме жасап.
Ержан Максимді Игорь Крутоймен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағанбетов таныстырған.
«Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой, мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Мені студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол», - деп жазды Ержан Максим.
https://www.instagram.com/p/BxdHIEhAYlr/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
Ұсынған: Маражан Сәбет
Оставить комментарий