Ашаршылық пен қуғын сүргінде шеттегі қазақтар талай текті қазақтың аман қалуына себеп болған

/uploads/thumbnail/20170708181154140_small.jpg

Бұл күнде ата тарихымызды білмеген кісілер шеттегі қазақтар ашаршылық пен соғыста отанын тастпап қашып кеткендер деп жүр. Олардың ата мекенді тастап кетпегенін, қазақтың өз жерінде отырғаны талай айтылда да жазылды. Қазақтың түңғыш астанасы Орынбор мен Төле би бабам жатқан Ташкентке, Ұйсін мен Ғүннан бастап Ұлы жүз бен орта жүзге ұлы қоныс болған Іле, Алтай, Тарбағатайды ешкімде қазақтың жері емес деп айта алмас. Тек, Россия мен Қытай арасындағы теңсіз келісімдердің құрбаны болып осы күнде өзгеге өгей бала болып жүргені болмаса.

Алтай мен Іле арасын Қазақ хандығы кезінде Найман, Керей, Уақ, Албан рулары ен жайлап жатқан еді. 18- ғасырдың басында Жоңғарлар сол қоныстарымызды тартып алып Қазақты бастысқа ығыстырған еді. 18- ғасырдың 50- жылдарынан кейін қазақ өз жерін Жоңғарлардан азат етіп бұрынғы ата қоныстарына қарай ат басын тарта бастады. Жоңғарды жер бетін жойып жібердім деп Жиң патшалығыда қазақ жеріне қарай сұқтанып ол жерлерді өз меншігіне айналдыруға күш салды. Қазақ билері не болсада қазақ жерін сақтап қалу мақсатында өз ата қоныстарына барып ірге тебуге бекіді. 18- ғасырдың аяғы мен 19- ғасырдың басында қазақ Орыс патшалығының отарына айналып болды. Ендігі жерде қазақтың қонысын қазақ емес екі империя белгілеп өзара келісімдер мен қазақпен еш санаспай бөлісіп шекара бекітті. Осы теңсіз келісімдердің соңғы нүктесін 1881- «Петербург шарты» деген келісім қойды. Міне содан бастап сол жерде, сонда тұратын қазақта қазақтардың еш қалауынсыз қытайдың құрамында кетті.

Содан бастап ағайынды екі қазақ екі мемлекеттің адамы болған тағдыр басталды. Тек бұның бір ғана қайыры ғана болды. Орыс патшалығы кезінде де патшалықтың қудалауына ұшыраған қазақ пана тұтып шегара бұзып бауырына барып паналап отырды. КСРО құрылғаннан бастап қазақтың асыл тектілеріне қанжар қадалып, қуғын сүргін басталған кезде асылдан ұрпақ қалу үшін шамасы келгені отбасы мен шамасы келмегені ұрпағын аман алып қалу үшін бала шағасын жіберіп отырды. Оның бір мысалы ретінде Шәкәрім Құдайбердіұлын айтуға болады, өзі ажалға бас тігіп ұрпағын аман сақтап қалды. Сол кездегі қазақ байлары мен ел ағалары дерліктей осылай істеді. Егерде сол кезде шекараның сыртында қазақтар болмаса сол асыл текті қазақтардан ұрпақ та қалмай қалған болар еді. Ашаршылықта қазақты тастап қашты деп Сталинның қылышынан құтылып ұрпағын аман сақтап қалған қазақтар жасағандай көреді. Ол кезде дерліктей байлар мен ұрпақтары ұсталғаны ұсталып, аман қалғаны шекара аттап болған. Ол кездегі Сталин қорасында бір ат, екі сиыры, 10 қойы болсада қудалауға ұшыратқан еді, ал олардың қашқандары болса байлықтарын арқалап емес, жандарын шүпірекке түйіп шетел аттаған болатын. Міне солай бір талай қазақ аман қалған болатын, ал сол қазақтардың басым бөлігі 60- жылдары келіп алған болатын. Қытайдағы қалған қазақтар орыстың апанынан талай қазақтың аман қалуына себепші болған еді. Бірақ олардың қытайдан көрген қуғын сүргіні аз болмады. Алтай қазақтары Гималай асып, Европа мен Түркияға барып табан тіреді. 60- жалдардағы ашаршылқ пен 1966- жылдан 1976 жылға дейінгі қуғын сүргінде аз болмады. Бірақ енді ондағы қандастарымызды елге дер кезінде оралуға себепкер болмасақ ендгі жоғалтуымыз оданда көп болмақ. Өзгенің отарында болып 4 миллион қазақтан арылудан өз тәулелсіз отанымызда тұрып өзге елдерде тұрып жатқан 5 миллион қазақтан тірідей айырлатын болсақ тарих алдындағы күнәміз одан ауыр боламақ. Сталин жасаған қуғын-сүргін мен ашаршылықта талай қазақтың жанын алып қалған қазақтардың ұрпақтарын енді біз аман алып қалайық.

P.S.

Ашаршылқта байылқты алып қашып кетті дейтіндерге:

Кеше Ашаршылық және Қуғын сүргін құрбандарына қойылуға тиісті ескертікштің орынына гүл шоғын қою барысына бір ағамыздың әңгімесін шала тыңдап қалдым. Ол кісінің бір туысқан апасы ашаршылықтан аман қалған ауылдағы екі баланың бірі екен. Аман қалған кісі мал соятын жердегі бір аталарының көмегімен тірі қалған екен. Аталары түнде сойылған малдың қанын ұрлап алып шығып ауылдың шетіне апарып қайнатып беріп жүріп өмірін сақтап қалған екен дейді. Еттің бәрі Ресейге кетуі керек, бірақ уақытында кетпей көктемде сасып кетті дейді. Сонда да сасыған етке аш қазақ жақындаса атады екен.

Ал енді көріңіз, жанын аман алып қалған қазақ артық па, Астығың мен етіңді тартып алып сасытып қойып жанына жолатпаған орыс артық па?

Тұрдыбек Құрметхан

Связанные Статьи