Мүсірепов театрында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті

/uploads/thumbnail/20170708181153139_small.jpg

Бүгін Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры - Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы мен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерт өткізді.

Алматы қаласы № 4 оқушылар үйінің «Мөлдір» би ансамблі, Орыс халық әні театрының жанындағы «Семиряночка» балалар ән ансамблі, Алматы қаласы Өзбек этно-мәдени орталығының өнерпазы - Исмаилова Хадича, Алматы қаласы «Дай Мохк» Шешен этно-мәдени орталығының бишілері әуезді әндері мен тамаша билерін тарту етті.

Мерекелік іс-шара соңында «Халықтар достығына» арналған БИді этно-мәдени орталықтардың өнерпаздары мен театр артистері бірігіп орындады.

Іс-шара соңында, барлық қатысушыларға театр ұжымы атынан алғыс хаттар мен бас демеуші «Рахат» АҚ атынан тәтті сыйлықтар табыс етілді.

unnamed1 unnamed "Қамшы" ақпарат

Связанные Статьи