Алматы облысының бірқатар көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Осыған байланысты бірнеше көше санаулы күндер бойы жабық болады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Алматы Жолдары" мекемесіне сілтеме жасап.
Қазыбек би көшесі 20-23 мамыр аралығында Желтоқсан көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі аралықта жабық болады.
Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Наурызбай батыр көшесі Райымбек даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін 20-мамыр күні кешкі сағат 21:00-ден бастап, 21-мамыр күні таңғы 7:00-ге дейін жабылады.
Наурызбай батыр көшесінің Гоголь көшесінен Қазыбек би көшесіне дейінгі аралығында да 20-мамыр күні сағат 22:00-ден бастап 21-мамыр күні сағат 7:00-ге дейін көлік қозғалысы толықтай тоқтайды.
Қарасай батыр көшесінің Исаев көшесінен Әуезов көшесіне дейінгі аралығы 20-мамыр күні 23:00-ден 21-мамыр күні сағат 6:00-ге дейін толық жабық болады.
"ПСФ Алонс" ЖШС тұрғындардан уақытша қолайсыздық үшін алдын-ала кешірім сұрайды. Сіз де ерте қамданып, өз бағытыңызды нақтылап алыңыз.
Ұсынған: Әділет Мәдениет
Оставить комментарий