Шығыс Түркістаннан ұшақ арқылы Ыстамбұлға келген Ұйғыр Түріктерінің «еңбек иммигранты» атын жамылып, Сириядағы ИШИМ содырлары сапына қосылмақ болғандығы әшкереленді. Бұл туралы Түркиядағы www.jurnalhaber.com басылымында Толга Шардан есімді журналисттің «Ұйғырларға тұзақ» атты мақаласында жазған.
Түркия құқық қорғау қызметкерлері қаңтар айынан бері жүргізілген арнайы операциясы барысында Сирияға заңсыз өтпек болған 400 ұйғыр азаматын құрықтаған.
Түркиялық журналист Толга Шарданның «MİLLİYET» газетінде жарияланған мақаласында, «шығыс түркістандық ұйғыр азаматтарын арнайы соғыс тактикаларына машықтандырып, Түркия территориясы арқылы Сириядағы содырлар қатарына жөнелтуді ұйымдастырып келген азаматтар құрықталды», деп жазады.
Жиһадшыларды ұйымдастырушылар 400-ге жуық ұйғыр-түріктерін шекарадан заңсыз өткізу барысында қолға түскен.
Жиһадшыларға қатысты мемлекет ішінде түрлі жанжалдар өршігендіктен, «жиһадшылармен»күрестің жаңа формалары қолға алына бастаған. Қаңтар айынан бері жүргізіліп келген операция барысында Еуропаның бірнеше мемлекеттерінен және Орталық-шығыс Азия елдерінен Сирияға аттанушылар Түркия Республикасының территориясы арқыла өтетіні мәлім болған. Жиһадты ұйымдастырушылардың соңғы «солдаттары» шығыс түркістандық ұйғырлар болғандығы анықталған.
Былтырғы жылы Қытай халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр автономиясынан келген ұйғыр азаматтары түрік жері арқылы Сириядағы ИШИМ сапына аттанғандығы белгілі. Олар Түркиядағы туыстарымызға қонаққа келдік, шағын бизнеспен немесе туристік мақсатта деген сылтаулармен Түркия аумағына өткен. Алайда негізгі мақсаттары ИШИМ содырларының қарасын көбейту.
Арнайы органдар жүргізген операциялар қорытындысында көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, қаңтар айынан сәуір айының соңына дейін Ыстамбұл, Хатай және Килис облыстарында шекарадан заңсыз өтпек болған 20-дан астам діни ұстанымы бөлек топтар құрықталған.
Түрік тіленен аударған Нұргелді Әбдіғаниұлы