Жүректі басты енді қара мұң,
Көз жастан бос болмай жанарым,
Өмірден баз кешіп ішіп ап,
Көңілді болуды қаладым.
Көрдім мен шетелдің шарабын,
Бітірдім мыңдаған қорабын.
Бірақ мен, әлі де күлмедім,
Жылап мен өзімді тонадым.
Тағы іштім, ақшамды санадым,
Қайтадан дүкенге барамын.
Шөлмектің алып ап түр-түрін,
Үйге кеп есікті жабамын.
Мас болдым шынымен, қарағым,
Белгісіз сені іздеп табарым.
Бейнеңді шумақтап сап жатыр,
Өлеңмен өрілген қаламым.
Жыр шумақ жаздым кеп, маралым,
Тырнадым бет жағын жараның,
Аңсаумен көз жасты парлатып.
Түн батып ұйықтап қаламын.
Жүректі торға кеп қамадым,
Ойыма көп сені аламын.
Сағындым өзіңді, көзіңді
Сағындым ерніңнің далабын.
Таң атты ес жиып қарадым,
Сен жоқсың жанымда калауым.
Өмірден баз кешіп, ішіп ап,
Көңілді болуды қаладым.
Жүректі басты енді қара мұң.
Автор: Бек Байтас
Оставить комментарий