Тоқаевтың штабында сөйлеген апа: Қосановқа дауыс беріңдер! (видео)

/image/2019/06/07/snimok-ekrana-118.png

Желіде ақ жаулықты апаның кезектен тыс президент сайлауына қатысып жатқан кандидат әрі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аймақтардағы штабының бірінде сөйлеген сөзі кеңінен тарап кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Үлкен залда адам қарасының қалың екені байқалады. Ал егде жастағы апа артында үлкен экранда "Тоқаев" деген жазуы бар сахнаға шығып, қолына микрофон алып сөз сөйледі. 

"Ардақты ағайын! Алда келе жатқан саяси науқанда бір адамдай бірігіп, атсалысуымыз керек. Мен бұл елдегі әрекет етуші саяси жүйеден шаршадым. Қазақ еліне әділдік, шындық, бостандық керек. Тәуелсіздігімізді әділетсіздіктен сақтау үшін қазіргі жүйе өзгеруі керек. Саяси жүйені өзгертетін бірден бір кандидат - Әміржан Қосанов", - деді ол. 

Залда жиналған көпшіліктің күтпеген жағдай орын алған кезде қыран-топан күлкіге батқанын байқауға болады. 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи