Күллі әлемге өзінің ерекше дауысымен қазақты, ән өнерін танытқан Димаш Құдайберген тыңдармандарын жақсы жаңалығымен қуантты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өнерпаз инстаграмдағы жеке парақшасында хабарлады.
"Бірер сағат бұрын жеке әнжинағым жарыққа шықты. 37 секунд ішінде жинақ платиналы атаққа ие болды. Бақыттымын. Кез келген уақытта маған қолдау көрсететін барлық тыңдармандарыма айтар алғысым шексіз. Менің жетістіктерім сіздердің арқаларыңызда" делінген жазбада.
Әнжинақта неше ән, қандай әндер бары әзірге айтылмаған. Бірақ осы жаңалықтың өзін ұзақ күткен әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандары қуанып, бірнеше тілде ақжарма тілектерін жеткізіп жатыр.
Оставить комментарий