Алматылық такси жүргізушісі екі баланың анасын азаптан өлтірген. Туыстарының айтуынша, әйелдің құрбан болуына алтын әшекейлері мен 20 мың теңгесі себеп болған секілді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
40 жастағы екі баланың анасына такси жүргізушісі көлікте шабуыл жасаған. Жүргізушінің жанындағы серіктес әйел де екі баланың анасын өлтіруге көмектесіпті.
Алдыңғы орынға отырған Батура Махмедованы артқы орындағы әйел қатты затпен басынан ұрады. Сол кезде жүргізуші де пышақпен оның бетінен, мойынынан ұрған. Жасаған қылмыстарын жасырмақ оймен күдіктілер мәйітті Береке ауылына жақын маңға көміпті.
Батураның жоғалып кеткеніне 3 апта уақыт өтсе де, оның балалары мен туыстары аман-есен оралады деп сенгендерін айтады.
Оставить комментарий