«Казах+»: Қазақстанның жаңа бет-бейнесі - метистер

/uploads/thumbnail/20170708181649690_small.jpg

Мытыс (метис) болу мақтанышқа айналды. Біздің таным-түсініктің өзгеріп бара жатқанын осыдан-ақ аңғаруға болады.  Қазақ пен өзге ұлттың қанының қосылуы арқылы пайда болған будан ұрпақ- Қазақстанның бейнесіне айналуы тиіс екен. Сондықтан жобаны ойлап табушылар оны «Қазақ + (қосу)» деп атаған. Анығында қазақ ондайды «шата» деп айтады. Ал шата атану мақтаныш емес, керісінше намыс болуға тиісті еді. Редакциямызға келіп түскен оқырман хатына үңіліп, аталған жобадан расымен біздің ұлттық бейнеміз әлдекімдерге ұнамайтынын аңғардық. Құдды бір қазақты жоюға қаіпті қару емес, қауіпті будандар жасалынып жатқандай.

Соңғы кездері «Казах+» деп аталатын күмәнді, астарлы құйтырқылығы басым фотожобаны интернеттен жиі көзім шалып жүр. Бұл не? Қазақты құртудың тағы бір ойлап табылған амалы ма?

«Красота не знает границ! И национальность для нее вторична чтобы подтвердить это, мы решили показать девушек, родители которых принадлежат к разным национальностям. «Ценить человека нужно за его качества, а не за паспортные данные», когда-то родители этих красавиц последовали этому принципу. И сегодня они напоминают нам: слушайте свое сердце почаще!» 

Міне, осы секілді жарнамалары бар фотожоба (фотопроект) «ҚАЗАҚПЫН!» деген әр адамның намысына қамшы боп тиері даусыз.

Осылайша, басқа жобалар құрып қалғандай енді метистерді жарнамалауға көштік. «И сегодня они напоминают нам: слушайте свое сердце почаще!» дейді. Бұл не деген сөз? Өзі аттың төбеліндей ғана аз қазақты өзге ұлттармен шатыстырып, не қазақ емес, не басқа емес дүбара ұлт жасауға бағытталған жоба ма бұл сонда?! Және бұл жерде метис деп жоқ жерден ұлт жасап отырған жоқ па? Осыны көрген жастар «Е, осы дұрыс екен-ау! Ұлтта тұрған ештеңе жоқ» деп, ұлдарымыз өзге ұлттан шүлдірлеген келін түсіріп, қаракөз қыздарымыздың арасында шет жердің келіні атанушылар көбеймесіне кім кепіл?!

Бұл жоба Қазақстанның көпұлттылығын, ұлттар арасындағы достық пен сыйластықты көрсету емес! Бұл аралас некені насихаттау екендігі көрер көзге ап-айқын көрініп тұрған жайт. «Аралас неке туралы дабыл қағатын уақыт жеттi. Бұлай кете берсек, ұлтымыз құрдым­ға кетедi» деп жазған әріптесімнің сөзінде үлкен мән жатыр. Сондықтан «Онда тұрған не бар екен?» деп жай қарап өте шықпай, ұлт болып аталған фотожобаға тосқауыл қоюымыз қажет! Атсалысайық!

"Ерік жылдағы әдетінше Қатын суын құлдап, тарихи мекеніне барған. Арғы беттегі Шынарға жанарынан су аққанша қарады. Әне, көрінді! Сол! Өзі! Ақбоз ат мінген сұлу! Омарташының ғашығы! Аттан түсіп жетелеген күйі, өзен жағасына келді — тым жақыннан көрінді. Қолын бұлғады. Ерікте ес қалмады. Суға түсердей болып, жағалауға мінбелей ынтыққан.  «А, құдай, араға айналсам екен, ара болып арғы бетке ұшсам екен» деп, тізерлей отырып, қолын аспанға соза, бар болмысымен тіледі-ай, тұңғыш рет зар еңіреп жылады-ай...  Құдайдың құдіретімен омарташы араға айналды... Бірақ бал арасына емес, малға тыныштық бермейтін көкбас сонаға айналды.  Айналуы сол екен, арғы жиектегі қызға зымырай ұшқан. Ұшқан қалпы ғашығына жетіп, иығына қонды. Не болғанын білмей сасып қалған қыз қолындағы екі бүктелген қамшымен сескене салып қалғанда, енді ғана арманына жеткен «Ерік-Сона» қанатын серпуге шамасы жетпей, тырапай асып домалап түскен...  Мәңгілікке...  Қатын суының айлағындағы керемет үй, көл-көсір байлық, қора толған мал, бал аралары иен қалды.  Қалса — қалсын, көп ұзамай Қатынға тоған орнатылып, су көтерілгенде, бәрібір шіріп астында қалады... Су астында Нюра Фадеевнаның жетімсіреген зираты да қалады."(Оралхан Бөкей, "Атау кере" романынан үзінді)

Венера Мұратқызы

Сурет: 365info.kz

Связанные Статьи