Қытайдағы Дасин әуежай ғимараты әлемді таң қалдырды

/image/2019/07/02/crop-4_51_405x891_foreign201907010810000328592322149.jpg

Бейжіңде әлемдегі ең ірі халықаралық  Дасин  аэропортының  құрылысы аяқталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Дасин-бұл жай ғана әуежай емес 400 миллиард юань (60 миллиард доллар) қаражат жұмсалған Қытайдағы ең үлкен транспорттық хаб", - дейді Дасин әуежайының құрылыс жобасының басшысы Ли Цзиньхуа

Аумағы бір миллион шаршы метрді құрайтын "Алтын феникс" түріндегі жалғыз терминалы бар аэропортты қолданысқа беруді ҚХР білім саласының 70жыл толуына орай 30-қыркүйекке жоспарлап отыр. Жоба Си Цзиньпиннің жеке бақылауында

Дасин әуежайы қала орталығынан 46 шақырым қашықтықта орналасқан. Әуежай салудағы басты мақсат - әлемнің ең көп ұшақ тоқтайтын әйежайларының бірі Шоуду әуежайының қызметін жеңілдету болатын.

Әуежай ғимаратының шатыры 25 футбол алаңы еркін сыйып кететіндей ауқымды. Оның дизайнымен әлемге танымал архитектор Заха Хадид айналысқан.

Дайындаған: Ақжібек Аралбек

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи