Үйінде 2 тапанша жасырған 47 жастағы есірткі сатушы ұсталды

/uploads/thumbnail/20170708181844204_small.jpg

Алматы қаласының полицейлері 47 жастағы есірткі сатушыны қолға түсірді, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы Алматы қалалық ІІД сілтеме жасай отырып. Медеу ауданының тұрғыны «тауарын» өз пәтерінен жөнелтіп отырыпты. Алайда полицейлер заңсыз саудамен айналысушының Мақатаев пен Панфилов көшесінің қиылысында геройн сату барысында үстінен түскен. Азаматша И-дің үйіндегі есірткіні иісшіл иттер тапқан. Сонымен қатар пәтерден 2  құжаты рәсімделмеген тапанша, 3 велосипед, планшет пен ноутбук, 6 алтыннан жасалған бұйымдар мен 2 миллион 751 мың теңге табылған. Аталған заттар есірткіге айырбасталған болуы мүмкін.

 «Қамшы»  сілтейді

Связанные Статьи