Армения астанасы Ереван қаласындағы ереуілші топты қадағалау барысында полиция 237 адамды тұтқындаған. Бұл туралы Reuters агенттігі жазады. Жергілікті билік өкілдеріне өздерінің наразылығын білдіру үшін Ереван көшелеріне жиналған 5000-ға жуық армиянды жергілікті полиция сырттай бақылап тұрған. Алайда айтар уәждерін ел Президентіне тікелей жеткізуді мақсат тұтқан акция ұйымдастырушыларын полиция бақылауынан шығарып алған. Осылайша 19 маусымда басталған наразылық акциясының соңы жаппай тәртіпсіздіке ұласқан. Мұндағы демонстранттардың наразылығын туғызған – электр энергиясының тарифінің күрт көтерілуі болған. 22 маусым күні Ервандағы орталық алаңға жиналған наразы топ белсенділері Президент әкімшілігі ғимаратына бағыт алған. Алайда полиция қызметкерлері шерушілерді тоқтатқан болатын.
22 маусым күні полиция демонстранттарға ескерту жасаған. Алайда ескертулерге құлақ аспаған ереуілшілерге 23 маусым күні күш қолдана бастаған. Наразылық акциясы белсенділеріне қарсы су атқылайтын машиналар мен ауыр техникалар қолданылған. Нәтижесінде акция белсенділерінің 7-еуі дәрігерлік көмекке жүгінген және 3 белсенді ауруханаға жеткізіліп, 11 полиция қызметкеріне дәрігерлік көмек көрсетілген. Армения Бас прокуратурасы «аталмыш акцияға қатысты қылмыстық іс қозғалып, акция қатысушыларына бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу айыптары тағылғанын» жеткізген.
https://www.youtube.com/watch?t=79&v=tqIMijLrSx8Нұрзат Тоғжан