Атырау полициясы жәбірленушілерді әлеуметтік желілер арқылы іздеуде

/image/2019/07/23/crop-13_20_929x1239_img_1188-18-07-19-10-50.jpg

Атырау полициясы жәбірленушілерді әлеуметтік желілер арқылы іздеуде. Атыраулық полицейлер 35 жастағы қала тұрғынын ұстады. Одан ұрлық жолымен табылған 30-дан астам алтын бұйымдар мен өзге де мүліктерді тәркіледі.

Тәртіп сақшылары тәркіленген бұйымдардың иелерін іздестіру үшін әлеуметтік желілердің мүмкіндігін пайдалануда. Жарияланған фотосуреттің ішінен Өз мүліктеріңізді таныған жағдайда «102» операторына және 983302, 983399 телефондарына хабрласуларыңыз сұралады. Тәркіленген заттардың ішінде әртүрлі номиналда жасалған арнайы
монеталар, ойын приставкалары, тіпті құрылыс құрал-саймандары да бар.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, жыл басынан бері №2 қалалық полиция бөлімінің аумағында 123 ұрлық фактісі ашылған. Барлық тіркелген фактілердің ішінде қайталанып жасалған немесе аса ірі көлемдегі шығын келтірілгені үшін 31 факті ұрлық қылмысының ауыр түріне жатады. Аталған ұрлық түрінің ашылуы 96,4 пайызды құрап отыр. Бөтеннің мүлкін ұрлаудың ең көп тараған әдісі пластикалық терезелерлі ығыстыру арқылы жасалған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи