Нәпақы табуға келіп, дымсыз қалды

/image/2019/07/23/crop-114_90_751x1126_094837273900.jpeg

Атырауға жұмыс жасауға келген Қызылорда облысының тұрғыны өзінде бар заттарын түгелімен жоғалтып алды. Құжаттар мен ақшасы салынған сөмкесін таксиде ұмытып кеткен.

"Телефоным қалтамда қалды. Жұмысты уайымдаймын деп таксиден түсерде жанымда тұрған сөмкемді алуға да ұмытып кеткен болуым керек. Жұмысқа келерде туыстарымнан қарызға 50 мың теңге алған болатынмын, өзімде 20 мың
теңге ақшам болды. Қас қағым сәтте құжатсыз, ақшасыз қалып қойдым. Ал, өзі таңғы 4-те Теңіз вахталық қалашығына кетуім қажет, өткізу құжаттарын рәсімдетіп қойғанмын. Қатты қобалжыдым, таксиге жолай мінгендер заттарымды алып қойса, кері қайтармайтын еді",- деп жағдайын баяндады Күләйша Асқарова.

"Мен тоқтаған пәтердің иесі полиция көмектеседі деп 102-ге қоңырау шалды. 20 минут өткеннен кейін "Жедел басқару орталығына келіңіз. Сіз көрсеткен мекенжай бойынша автокөліктің мемлекеттік белгісін анықтадық. Қазір жүргізушіні шақыртып жатырмыз" деп полициядан хабарласқанда өз-өзіме сенбедім",- деп қуанышын жасыра алмаған Қызылорда облысының тұрғыны полицейлерге алғысын қалалық полиция басқармасы ғимаратының алдында бейнежазбамен жолдады.

Құжаттары мен сөмкесі еш шашау шықпастан Күләйшаға қайтарылды. Еске сала кетсек, қазір Атырау қаласында жедел басқару орталығына қосылған 759 бейнебақылау камерасы жұмыс жасап тұр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи