Полиция қызметкерлері азаматты құлдықта ұстаған

/image/2019/08/04/crop-50_1_401x535_3025852ec3d5786f69ad7bad8b620b23.jpg

Тергеу комитеті Татарстан азаматы Идирис Садыковтың арызы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеп-тексеру амалдарын жүргізуді бастап кетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жәбірленушінің айтуынша, ресейлік ағайынды полиция қызметкерлері оны күштеп алып кеткен. Содан кейін Аксубаевский ауданына алып барып, үй шаруашылығына жұмсаған. Садыков дәретхана тазалаудан бас тартқан соң оның қол-аяғын байлап тастаған. 

Идиристың әпкесі бауырының жоғалып кеткенін байқаған соң ғана полицияға арыз түсірген. Шағым түскен уақытта ағайынды полиция қызметкерлері Садыковты құлдықтан босатыпты-мыс.

Егер ағайынды шенділердің шектен шыққан әрекеті дәлелденсе, Ресей Федерациясының ҚК 126-бабына сәйкес 12 жыл бас бостандығынан айырылмақ. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи