Алдағы уақытта ақша айырбастау ережелері қиындайды

/image/2019/08/06/crop-5_17_346x615_1440057709-v-kazahstane-iz-za-azhiotazha-zakrylis_newsall_ob.jpg

Валюта айырбастау пунктері сағат 10-нан 19:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ұлттық банк осындай өзгеріс енгізуді көздеп отыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

"ҚР қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Ұлттық банк басқармасының қаулысының жобасы жарияланды.

"Айырбастау пунктінің жұмыс режимін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға белгілейді. Пункт 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істеуі керек", - деп жазылған қаулы жобасының 33-2 тармағында.

Әрбір айырбастау операциясы бойынша тізілімдер журналы жүргізіледі. Құжаттың 51-тармағында сол журналда қандай мәлімет жазылатыны көрсетілген. Олар: клиенттің аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі.

Оставить комментарий

Связанные Статьи