Атамбаевты ұстау кезінде жараланған арнайы жасақ өкілі қаза тапты

/image/2019/08/08/crop-103_57_460x818_95086a31-8b44-4a85-ac61-1dd6b2c52877_cx0_cy17_cw0_w1023_r1_s.jpg
Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі Кой-Ташта елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы кезінде жараланған арнайы жасақ өкілі ауруханада көз жұмғанын хабарлады. Министрліктің дерегінше, операция кезінде 48 адам жараланған, олардың 15-і - арнайы жасақ қызметкері.

Аzattyq.org-тың жазуынша көз жұмған 22 жастағы арнайы жасақ қызметкерінің жүрегіне оқ тиген. Ол ауруханада қайтыс болған.

Ал Атамбаевтың қызы Алия Шагиева әкесінің ұсталмағанын айтты. Ол Instagram парағында "Біріншіден, әкем ешқайда қашқан жоқ. Ешкім оны ұстаған жоқ. "Ол қауіпсіз жерде" деген сөз – жалған. Ол Қой-Ташта" деп жазды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи