Кевин Гастон: Бұл табиғаттың құрдымға кетуі деген сөз

/image/2019/09/20/crop-102_15_1321x1762_19sci-matter-birds5-superjumbo.jpg

    Ғалымдардың пікірінше, жарты ғасыр ширегінде АҚШ пен Канада еліндегі құстардың саны 3 миллиардқа қысқарған. Қазір бар болғаны 2,9 миллиард құс тіршілік етуде. Енді жарты ғасырдан кейін жер бетінен мүлде жоғалып кету қаупі бар көрінеді.

АҚШ-тың Science журналында жарық көрген мақаланың негізінде ғалымдардың біразы мұның басты себептерінің бірі пестицид  қолданудан деген анықтама берді. Пестицид дегеніміз - ауылшаруашылығын зиянды жәндіктерден қорғау мақсатында қолданылатын улы химикат.

Эксетера университетінің биолог маманы Кевин Гастон мұны «Бұл – табиғаттың құрдымға кетуі деген сөз», - деп бағамдады.

Құстардың жойылуына себепкер тағы бар факторлар: жабайы және үй мысықтары, құстардың биік ғимараттарға соғылуы және қуатты электр сымдарына күйіп қалуы сияқты тағы басқа  жағдайлар.

Дереккөз: The New York Times

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи