"Жұмыстан шығара берсін": Маңғыстаудағы мұнайшылар көтеріліске шықты (видео)

/image/2019/09/20/crop-167_18_417x555_1568944495.jpg

Маңғыстау облысындағы мұнай компаниясының жұмысшылары көтеріліске шықты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтының дерегін негізге алып. Олар компания басшыларынан жалақыны көлемін жоғарылатуды талап етті. 

"Мобил Сервис Групп" компаниясының 160-қа жуық жұмысшылар бүгін жұмыс істеуден бас тартты. 

"Біз 15 күн жұмыс істеп 78 мың теңге айлық аламыз. Бұл өте аз", - дейді жұмысшылардың бірі. 

Жұмысшылардың айтуынша, осыған дейін де компания басшыларына жалақының аздығын айтқан. Алайда олар құр уәдемен құтылады екен. 

"Біз жалақыны көтермейінше бұл жерден кетпейміз. Жұмыстан шығарса да мейлі", - дейді компания қызметкерлері. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи