Қариялар сынға түсті

/image/2019/10/16/crop-32_141_697x1239_qariyalar-syngha-tusti-1.jpg

Жуалы ауданындық Б.Момышұлы ауылы, аудандық мәдениет үйінде «Қарты бар ел – қазыналы ел!» аудандық қариялар байқауы өтті. Ақсақалдар «аламанын» «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі және ардагерлер кеңесі ұйымдастыртырды.

Жастар арасында ғасырлар бойы қалыптасқан халық даналығын насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруға, өскелең ұрпаққа ұлттық тәлім – тәрбие беруге бағытталған шара қарияларымыздың өз өмірлерінің игі кезеңдерін баяндау, үлкенге ізет – тәрбиенің бастауы екендігін жастарға ұғындыру және өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу, азаматтық сана-сезімін қалыптастыруды мақсат тұтты.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы және ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Аманбеков ашып, байқауға қатысқан қарияларға сәттілік тіледі. Байқауда әділ – қазылық еткен Б.Момышұлы ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Дәуренұлы, «Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының» көркемдік жеткешісі Р.Қуанышов, «Жаңа өмір – Новая жизнь» қоғамдық саяси газетінің газетінің бас редактордың орынбасары П.Шымыртайқызы, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры М.Телеушов байқауға қатысқан қарияларға әділ бағасын берді.

Байқау «Бердім сәлем бәріңе, үлкен – кіші кәріңе», «Беремін бата бәріңе», «Өнерлі отбасы» секілді 3 негізгі кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде қариялар ұлттық аспаптармен сүйемелдеп, өздерін жалпақ жұртшылыққа таныстырса, сайыстың екінші бөлігінде бата беруден өзара мықтыны анықтады. Ал үшінші турда қариялар отбасының кез- келген мүшесімен бірге өнерін көрсетті.

Байқауға Ақсай, Боралдай, Қызыларық, Көкбастау, Шақпақ, Билікөл, Қошқарата ауылдық округтерінің қариялары қатысты. Мәдениет бөлімінің қызметкері М.Мықтыбеков «Қариялар азайып бара жатыр» атты әнін орындады. Шараға қатысқан қариялар өздерінің даналығын, ақылдылығын, ерекше өнерлерін дүйім жұртқа паш еттіп, баталы сөздерін жеткізді.

Байқаудың қорытындысы бойыншы «Бас жүлде» Б.Момышұлы ауылынан Д.Байдалиев, І орынды Қошқарата ауылдық округінің қариясы А.Шопанбеков, ІІ орын Боралдай ауылдық округінің қариясы М.Байболов ІІI орын Шақпақата ауылдық округінің қариясы Ә.Болысбаев, «Өнегелі қария» номинациясын Ақсай ауылдық округінен М.Қуанышбеков, «Батагөй қария» номинациясын Боралдай ауылдық округінің қариясы Ә.Науатбеков иеленді. Байқау жеңімпаздары мен қалған қатысушыларға аудан әкімінің алғыс хаттарымен бағалы сыйлықтары табысталды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи