Жамбыл облысында мемлекеттік қызмет жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті жемқорлықпен күресті күшейтуге және оның алдын алу тиімділігін арттыруда табысты қызмет етуде.
Департамент әсіресе жастардың қазіргі өмірден өз орнын табуына, өз бойындағы табиғи дарыны мен адами қабілетінің ашыла түсуіне көмектесуге баса назар аударуда. Осы орайда, жастарға адалдық, әділдік, асыл қасиеттерді сіңіруге және жоғары адамгершілік қасиеттерді ұстануларды қалыптастыру мақсатында мектептерде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы және жоғарғы оқу орындары мен колледждерде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері жұмыс жасауда.
Аталған жобалар аясында Департамент, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және білім басқармасымен бірлесіп «Парасатты отбасы» байқауын өткізу туралы шешім қабылданды.
Байқаудың мақсаты – қоғамнын негізін қалайтын отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтауға бағытталған.
Байқауға Жамбыл облысының әртүрлі қызмет саласында жұмыс істейтін азаматтары бар отбасылар қатысады. Байқау 2 кезеңнен тұрады. «Парасатты отбасы» байқауы аудандық, Тараз қалалық білім мекемелерінде өткізілуде. Қазіргі таңда, байқаудың мектепішілік, аудандық және қалалық кезеңіне 508 отбасы қатысты.
Байқаудың облыстық кезеңі 2019 жылғы қазан айының үшінші онкүндігінде Тараз қаласындағы Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 7 қарашасында өткізілетін екінші облыстық кезеңге аудандар мен Тараз қаласында үздік деп танылған 29 отбасы қатысады.
Байқаудың қазылар алқасы үздік деп танылған жанұяларды «Парасатты отбасы», «Көптілді отбасы», «Үздік оқырман отбасы», «Интеллектуалды отбасы», «Шығармашыл отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы», «Жомарт отбасы», «Саяхатшы отбасы» номинациялары бойынша анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ және ІІІ орындар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Оставить комментарий