Citic Construction кәсіпорнында заңсыз жұмыс істейтін шетелдік азаматтар тексерістен кейін депортацияланды, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып.
Талдықорған мамандандырылған әкімшілік соты, сондай-ақ Ақсу аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 2-бөлігі (Шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың халықтың көші-қоны туралы заңнаманы бұзуы) бойынша 70 Қытай азаматына қатысты қозғалған әкімшілік істі қарады.
Ведомствоның хабарлауынша, 9 қазандағы сот шешімдерімен ҚХР-ның барлық 70 азаматы кінәлі деп танылып, оларға елден шығару түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Сот актілері күшіне енді, шет мемлекеттің азаматтары Қазақстан аумағынан шығарылды.
Оставить комментарий