Елбасының экс-кеңесшісі, саясаткер Ермұхамет Ертісбаев "Время" газетіне берген сұқбатында антиқытайлық назарылық шараларының артында Қазақстанның демократиялық таңдауы ұйымынан бөлек АҚШ-тың да тұрғанын айтты.
– АҚШ пен Қытай арасында қазір сауда соғысы жүріп жатыр. Тек Америка ғана Пекиннің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округіне қатысты саясатына қарсы шығуда, – деді ол.
Ертісбаевтың пікірінше, Америка Қытайдың қарыштап дамып келе жатқанына қатты алаңдаушылық білдіруде. Өйткені Америка №1 держава болудан қалатын түрі бар. Қазірдің өзінде ЖІӨ бойынша Қытайға жол беріп қойған.
– Америка "Бір белдеу – бір жол" жобасы Тынық мұхитынан Атлант мұхитына дейінгі ең қуатты халықаралық сауда-экономикалық, өндірістік-техникалық бірлестікке айналатынын түсініп отыр, – деген ол айтқандарын Қытайдың Еуразия аумағында ерекше ықпалға ие болып бара жатқанына Америка кез келген жолмен тосқауыл болғысы келеді деп бекіте түсті.
Оставить комментарий