Жүк көлігінен 39 қытайлықтың мәйіті табылды (видео)

/image/2019/10/24/crop-16_2_165x220_bez-nazvaniya-1.jpg

Кеше түнде Англияның шығысында жүк көлігінен 39 қытайлықтың мәйіті табылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтының дерегін негізге алып. Көп ұзамай қытайларды өлтірді деген күдікпен Солтүстік Ирландияның 25 жастағы тұрғыны Мо Робинсон ұсталды. 

Полиция жүк көлігінің Болгарияда тіркелгенін анықтады. Дегенмен жүк көлігі британдық аралдарға Бельгияның Зеббругге портынан Пурфлиттегі (Темза порты) Таррок әкімшілік ауданына жергілікті уақыт бойынша сағат 00:30 шамасында келген.

Қытайдан заңсыз келген азаматтардың Британия аймағында жаппай қырылуы алғаш рет емес. 2000 жылдың маусымында Довер портындағы голландиялық нөмірлермен мөрленген тоңазытқыш корпусынан 58 қытайлықтың мәйіті табылды. Содан кейін тергеу жұмыстары кезінде қытайлықтарды әдейі тұншықтырғаны анықталды. 2004 жылдың ақпанында да Ланкашир графствасына қатысқан заңсыз жүрген 23 қытайлық суға батып қайтыс болды.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи