USD 519
EUR 542
RUB 5
Оңтүстік астананың қала жоспары және урбанизациясы басқармасы реконструкциялаудан өтетін М.Әуезов атындағы драма театрдың витраждар қолданылған үлгілерін таныстырды, деп жазады vlast.kz. Ұсыныс бойынша театрдың екінші қабатындағы мрамор тастарды шыныға ауыстыру жоспарланған.
Жобаны ұсынған сәулетші Берік Молжігіттің пікірінше, шыны витраждардан кейін театр галереясы демалысқа арналған жаңа қоғамдық орынға айнауы бек мүмкін.
Витражды фасадтың альтернативті 1 үлгісі
Витражды фасадтың альтернативті 2 үлгісі
Алайда витраж орнату идеясы ғимарат авторы, сәулетші Ораз Баймырзаевтың ойынан шықпады. Ол 4,8 метрлік мрамор тастардан тұрған секция фасадтың тірегі қызметін атқарып тұрғанын атап өтті. Қала жоспары және урбанизациясы басқармасының жетекшісі Алмасхан Ахмеджанов та бастаманы қолдай қоймады. Оның айтуынша, ұсынылған нұсқа қаланың тарихи келбетін бұзады. Сондай-ақ ол шыны витраждарды қолданбай басқа үлгілерді әзірлеудің қажеттілігіне назар аударды.
М.Әуезов атындағы драма театрының ғимараты 1981 жылы салынған. Жоба авторлары: О. Баймырзаев, А. Қайнарбаев және М. Жақсылықов. Бір жылдан соң ғимаратқа республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші мәртебесі берілді. 2010 жылдан бері ескерткіш жергілікті маңызы бар мәртебесін алды.
Оставить комментарий