Ақтаудағы жаппай төбелестің видеосы пайда болды (видео)

/image/2019/11/13/crop-125_7_593x791_1573624017.jpg

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмағандардың жаппай төбелескен видеосы пайда болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті lada.kz сайтының дерегін негізге алып. Аталмыш оқиға кеше сағат 14:00-де болған. 

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірімдер мен олардың ата-анасының аты-жөні анықталғанын хабарлады.

"Төбелес кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Ауруханаға ешкім бармады. Бәрін тексердік. Төбелеске қатысқандардың бірде-бірі есепте тұрған жоқ. Ақтаудың кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі полициясы жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмысын жүргізді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435 бабы бойынша хаттама жасалды (ҚР ОА). Материалдар Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі.

Оставить комментарий

Связанные Статьи